Қазақстандағы еріктілерден Украинаға "гуманитарлық көмек" науқаны

Қазақстанда еріктілердің Украинаға көмек көрсетуі бойынша гуманитарлық науқан басталды.

04 Mart 2022 15:38

Қазақстан халқы Ресейдің шабуылымен күресіп келе жатқан Украина халқына қолдау көрсетуде.

Ерікті азаматтар Украинаның Нұр-Сұлтандағы елшілігіне керек-жарақтарды, азық-түлік, киім-кешек және балалар арналған заттарды әкелуде.

"Қазақстан азаматтары күні бойы елшілікке келіп, қолдауын көрсетуде"

Украинаның Қазақстандағы елшісі Петр Врублевский қиын кезеңде Украинаға қолдау білдірген қазақ халқына шексіз алғысын білдірді.

Врублевский: "Қазақстан азаматтары бізбен хабарласып, көмек жібергісі келетіндерін айтты. Біз де бұл жағдайда кез-келген көмекті қабылдауға дайынбыз," - деді.

Елшінің айтуынша, елшілік қызметкерлері күн сайын Киевтен белгілі қажеттіліктер тізімін алады және соған сәйкес әрекет етеді: "Елшілігіміз тәулік бойы жұмыс істейді. Қазақстан азаматтары күні бойы бізге көмек көрсетіп келе жатыр." - деді Врублевский.

Қазіргі таңда Украина халқы үшін Қазақстан халқы тарапынан жалпы 3 тонна гуманитарлық көмек Украинаға жіберілді.

Екінші конвойды тасымалдау үшін логистикалық жұмыстар жүргізілуде.

 

Жаңалықтар