Қазақстанда Әзірбайжан Сауда үйі ашылды

Қазақстанда Әзірбайжанның алғашқы саудалық үйі ашылды.

26 Mayıs 2021 15:49

Нұр-Сұлтанда сауда үйінің ресми ашылу рәсімі өтті.

Әзірбайжанның Нұр-Сұлтандағы Елшісі Рашад Мамедов ұйымдастырған салтанатқа Қазақстанның Сауда және интеграция министрінің орынбасары Қайрат Төребаев, Қазақстанның Энергетика министрінің орынбасары Әсет Мағауов, Түркияның Елшісі Уфук Экиджи, сондай-ақ түрлі мекемелердің өкілдері, елшілер, іскер адамдар мен баспасөз өкілдері қатысты.

Ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде Мамедов, 28 мамырда Әзірбайжанның Тәуелсіздігіне 103 жыл болатынын еске салып, былай деді: "Алдағы айларда біз Ақтау және Алматы қалаларында сауда үйіміздің өкілдіктерін ашуды жоспарлап отырмыз."

Қазақстанның Сауда және интеграция министрінің орынбасары Қайрат Төребаев, Қазақстанда 660 әзірбайжандық компанияның жұмыс істейтінін атап өтіп: "Ашылған Әзірбайжан сауда үйі болашақта екіжақты сауданы дамытудың бірегей құралы болады деп үміттенеміз."- деді.

Түркия Елшісі Уфук Экиджи, Әзірбайжан сауда үйінің Әзірбайжан мен Қазақстан үшін ғана емес, Түркия үшін де маңызды мүмкіндік болып табылатынын атап өтті.

Жаңалықтар