Қазақстанда Әзірбайжанның Тәуелсіздік күні атап өтілді

Нұр-Сұлтан қаласында Әзірбайжанның Тәуелсіздік күні салтанатты түрде атап өтілді.

28 Mayıs 2022 01:53

Әзірбайжанның Қазақстандағы елшілігінің ұйымдастыруымен өткен салтанаты шараға Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Болат Ақшолақов, сондай-ақ шетелдік миссиялардың басшылары, конақтар мен баспасөз өкілдері қатысты.

Әзірбайжанның Қазақстандағы Өкілетті Елшісі Агалар Атамогланов Әзірбайжан мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнатылуына 30 жыл толғанын еске сала отырып, осы мерейтой аясында Қазақстанда елінің Тәуелсіздік күнін атап өтуге өте қуанышты екенін айтты.

Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Болат Ақшолақов 2005 жылы Әзірбайжанмен стратегиялық әріптестік туралы келісімге қол қойылғанын, атап айтқанда, екі ел арасында энергетикалық секторда тиімді ынтымақтастық орнатылғанын атап өтіп, екіжақты қарым-қатынастарды жаңа деңгейге көтеруге шақырды.

Шара аясында Әзірбайжан тағамдары ұсынылып,  концерт өтті.

Жаңалықтар