Қазақстанда жұртшылықтың қарауына латын әріптеріне бейімделген жаңа әліпби ұсынылды

2023 жылдан бастап біртіндеп қолданыла бастайтын латын әріптеріне бейімделген жаңа әліпби, 6 мамырға дейін ҚР азаматтарының қарауына ұсынылды.

22 Nisan 2021 23:36

Қазақстан Президентінің "Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшірудің кейбір мәселелері туралы" қаулысының жобасы Ашық НҚА сайтында жарияланды.

Халықтың назарына ұсынылған әліпбидің жаңа нұсқасында 2021 жылдың қаңтарында ұсынылған нұсқаға қарағанда "Ң" әріпі басқаша жазылады:  "ың" дыбысы латын әліпбиде "Ñ" деп белгіленген. Ескі нұсқада бұл дыбыс "Ŋ" деп белгіленген еді.

Ұсынылған әліпбиде 31 әріп бар, сонымен қатар әліпби қазақ тіліндегі дыбыстардың толығын қамтиді.

Қазақстан 2023 жылдан бастап біртіндеп қолдана бастайтын жаңа әліпби 6 мамырға дейін интернет арқылы қоғамдық пікір үшін ашық болады. Қалаған барлық азаматтар бұл тақырып бойынша Ашық НҚА сайтында талқылауларға қатыса алады.

- Қазақстанның латын әліпбиіне көшу процесі

1991 жылы тәуелсіздікке қол жеткізгеніне қарамастан кириллицаны пайдалануды жалғастырған Қазақстан 2017 жылы Нұрсұлтан Назарбаевтың қолы қойылған латын әліпбиіне көшу туралы шешім қабылдады.

Премьер-министр Асқар Маминнің төрағалық етуімен 28 қаңтарда шақырылған Комиссия Ахмет Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты әзірлеген және "бір дыбыс-бір әріп" қағидаты бойынша дайындалған жаңа қазақ әліпбиін ұсынды.

Қарастырылып отырған әліпбиді әзірлеу барысында Түркия, Әзірбайжан, Татарстан, Өзбекстан, Қырғызстан тіл білімі жөніндегі сарапшылармен зерттеулер жүргізілді.

 

Жаңалықтар