Қазақстанда жаһандық жылынудың салдарынан мыңдаған мал қырылып жатыр

Елдің оңтүстік және батыс аймақтары бұрын-соңды болмаған құрғақшылықты бастан кешуде.

26 Ağustos 2021 16:34

Қазақстанның климаты әр 10 жыл сайын орта есеппен 0,3 градусқа жылынады. Биылғы жылы ыстық ауа-райы ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығына жаман әсер етті.

Еліміздің оңтүстік және батыс аймақтарында 178 мың гектар дәнді дақылдар алқабы кеуіп, 2 мыңға жуық мал қырылды.

Биыл жауын-шашынның болмауы және өте ыстық ауа-райы құрғақшылықты күшейтті. Бұл аймақтағы жүздеген фермерлердің жылқылары, сиырлары және қойлары қырылды.

Маңғыстауда ауыл шаруашылығымен айналысатын Анар Досаева бұл кезеңнін үлкен шығынмен өтіп жатқанын және малын азықтандыруға жайылым қалмағанын айтты. 

Көптеген жылдар бойы мал шаруашылығымен айналысатын Сергей Крушенский бұған дейін мұндай құрғақшылықты бастан өткермегенін айтты.

Шешім - жасанды жаңбыр әдісін қолдану

Өңірдегі климаттың өзгеруі бойынша зерттеулер жүргізетін эколог- ғалым Орынбасар Тоғжанов Маңғыстауда жыл сайын жауын-шашын деңгейі төмендеп келе жатқанын атап өтті.

Маңғыстауда 1986 және 2014 жылдары құрғақшылық байқалғанын еске сала отырып, Тоғжанов мынадай баға берді:

"Биыл аймақта жауын-шашын болған жоқ. Бұл жаһандық климаттың адам қолымен жылынуының мысалы. Бір қой күніне кем дегенде 7 келі шөп тұтынады. Бізде жүздеген қой отарына ие фермерлер бар. Аймақтағы құрғақшылықтың алдын алатын жалғыз құрал - жасанды нөсерді қолдану. Сонымен қатар ағаштар отырғызуымыз керек."

Жаһандық жылыну Каспий теңізіне де қауіп төндіреді

Тоғжанов жаһандық жылыну Каспий теңізінде қауіп төндіретінін атап өтіп: "Каспийге 130-ға жуық шағын және ірі өзендер ағады. Бұл өзендер бар жерлерде жауын-шашынның төмендеуі байқалады. Бұл Каспийге келетін су мөлшері де азаяды дегенді білдіреді. Мен қазір тұрған жерде 1976 жылы судың биіктігі адамның биіктігінен асатын еді, бірақ қазір судың тартылып жатқанын көріп отырмыз," - деп жалғастырды.

Қазақстанда жауын-шашынның 90 пайызы Атлант мұхитынанан келетінін айта келе, Тоғжанов: "Жаһандық жылынудың салдарынан соңғы жылдары Солтүстік Мұзды теңіз бен Гренландия мұзы тез ериді. Бұл Атлант мұхитындағы буланудың төмендеуіне әкеледі. Осылайша бізге келетін жаңбыр азаяды. Егер адамзат көмірсутектерді тұтынуды тоқтатпаса және орман алқаптарын тез таратпаса, ондаған жылдардан кейін жер бетінде өмір сүру қиынға соғады," - деді эколог.

Құрғақшылық Орталық Азияның ортақ проблемасы

Біріккен Ұлттар Ұйымының "Құрғақшылыққа қарсы өңірлік көзқарас" жобасының сарапшылары Орталық Азия аумағының басым бөлігі құрғақшылық қаупіне ұшырайтынын атап өтті.

Соңғы 60 жыл ішінде халық саны үш есе артып, урбанизация қарқынды дамып келе жатқан Орталық Азияда ауылшаруашылықтың қарқындылығы бүкіл аймақтың су ресурстарын қоса алғанда, табиғи экожүйеге қауіп төндіреді.

Сарапшылар Орталық Азия мемлекеттері арасындағы құрғақшылықты басқару жөніндегі бірлескен өңірлік стратегияны айқындау қажеттігін атап көрсетеді.

Жаңалықтар