Қазақстанда жойғыш ұшақ жаттығу ұшуларын орындау кезінде апатқа ұшырады

Балқаш қаласында жаттығу ұшуларын орындау кезінде қонуға бет алған Су-30СМ көпфункционалды жойғыш ұшағы апатқа ұшырады.

16 Nisan 2021 21:24

«16 сәуірде сағат 20:45 шамасында Балқаш қаласының авиациялық оқу-жаттығу орталығында жаттығу ұшуларын орындау кезінде қонуға бет алған Су-30СМ көпфункционалды жойғыш ұшағы апатқа ұшырады.

Ұшақ экипажы шығарылды, ұшқыштар аман, медицина қызметкерлерінің қарауында. Қазіргі уақытта оқиғаның себептерін анықтау үшін ұшақ құлаған жерге арнайы комиссия жіберілді», - деп мәлімдеді ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Қазақстандық армияның құрал-саймандарында 24 бірлік "Су-30СМ" үлгісіндегі екі қозғалтқышты жойғыш ұшағы бар.


 

Жаңалықтар