21-1

Қазақстанда жылдың бірінші тоқсанында 21,1 млн тонна мұнай өндірілді

ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев 2021 жылдың алғашқы үш айында 21,1 миллион тонна мұңай өндірілгенін мәлімдеді. Өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 10,6 пайызға төмендеген.

12 Nisan 2021 15:46

Ноғаев, Министрлер кабинетінің отырысында ұсынған баяндамасында елдің энергетикалық секторына баға берді.

Қазақстанда 2021 жылдың бірінші тоқсанында мұнай өндіру саласындағы көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,6 пайызға төмендеп, 21,1 миллион тонна болып тіркелді. Өткен жылдың осы кезеңінде елімізде 23,6 миллион тонна мұнай өндірілді.

Жалпы өндірілген мұнайдың 13,1 миллионы Қазақстанның үш ірі мұнай кен орны - Теңіз, Қарашығанақ және Қашағанда өндірілген. ОПЕК тобының келісіміне сәйкес мамыр, маусым және шілде айларында күнделікті мұнай өндірілуі 6 мың баррельге дейін біртіндеп арттырылады, деп мәлім етті Ноғаев.

Энергетика министрі аталған кезеңде Қазақстанның шетелге 16,6 миллион тонна мұнай мен 2,1 миллиард текше метр табиғи газ экспорттағанын атап өтті.

Айта кетейік, қаңтар-наурыз айлары арасында елдің алтын валюта резервтері қысқарды, бұл туралы Қазақстан Ұлттық Банкінің басшысы Ерболат Досаев мәлімдеген. Алтын секторындағы бағаның төмендеуіне байланысты елдің алтын-валюта резервтері 1,13 миллиард долларға қысқарып, жалпы алғанда 33,54 миллиард доллар құрады деп хабарланған.

Anahtar Kelimeler: ҚР Энергетика министрлігі, Нұрлан Ноғаев,

Жаңалықтар