Қазақстандық студенттер Әз Наурыз мерекесіне байланысты оқуға қазақтың дәстүрлі киімдерін киіп келуде

Жаңа жылдың, көктемнің жаршысы - Наурыз мейрамының құрметіне студенттер сабақтарға ұлттық киім киіп қатысуда.

24 Mart 2022 01:10

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Наурыз мерекесіне байланысты оқытушылар мен студенттер университетке ұлттық киім киіп келеді. Қазақ әдет-ғұрыптарын ілгерілету бойынша іс-шаралар жүргізіліп келетін университетте бұл дәстүр көптеген жыл бойынша жалғасуда.

Проф. доктор Бибіқадиша Абжаппарова Наурыз мерекесіне орай университетке қамзол киіп келетінін атап өтіп, "Біздің ұлттық киіміміз - құндылықтарымыздың бірі. Жастарымыз да бұл құндылығымызды бағалап жүргенін қалаймыз," - деді.

Университеттің екінші курсында оқитын Әйгерім Ахметова наурыз айы бойынша университетке ұлттық киім киіп, шашбау тағатынын айтты.

 

Жаңалықтар