Қазақстаннан Анталияға ұшатын әуе рейстердің саны көбейтіледі

Қазақстанның өнеркәсіп және инфрақұрылымды дамыту министрі Бейбіт Атамқұлов жазда елден Анталияға ұшатын әуе рейстердің санын арттыру туралы келіссөздер жүргізіп жатқанын хабарлады.

02 Haziran 2021 15:22

Нұр-Сұлтанда бұл тақырыпқа тиесілі арнайы баспасөз конференциясы өтті.

Аталған конференцияда сөз сөйлеген Атамқұлов, жаздың келуімен көптеген қазақстандықтардың Түркияға демалысқа барғанын атап өтті.

"Осы жағдайды ескере отырып, біз еліміздің Ковид-19 үкіметтік комиссиясымен және Түркияның құзыретті органдарымен жақын арада Анталияға әуе рейстерді көбейту туралы келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Азаматтарымыз маусым айында Анталияға бара алуы үшін бір апта ішінде қажетті шешім қабылдаймыз деп ойлаймын."- деді Қазақстанның өнеркәсіп және инфрақұрылымды дамыту министрі.

Қазіргі уақытта Қазақстан мен Түркия арасында авиациялық компаниялар тарапынан 12 бағыт бойынша рейстер іске асырылуда.

Anahtar Kelimeler: Анталья, демалыс, туризм,

Жаңалықтар