Қазақстанның Анкарадағы жаңа елшісі Еркебұлан Сәпиев болды

Қазақстанның Түркия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне Еркебұлан Оңалбекұлы Сәпиев тағайындалды.

15 Mart 2022 18:51

Ақорданың ресми дереккөзіне сәйкес, Абзал Сапарбекұлы Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан, Қазақстан Республикасының Албания Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды.

Енді, Қазақстанның Түркия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне Еркебұлан Оңалбекұлы Сәпиев тағайындалды.

Айта кетейік, бұдан бұрын Сәпиев Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болған.

Жаңалықтар