Қазақстанның демографиялық саясаты өзінің жемісін беруге бастады

Қазақстан Республикасы 1991 жылы тәуелсіздігін жариялағаннан кейін өткізуде болған демографиялық саясатының жемісін көруге бастады.

01 Mart 2021 11:18

Қазақстан Республикасы жер өлшеміне қарай әлемнің ең үлкен елдердін арасында 9-ші орында.

Ұлттық статистикалық басқарманың ақпаратына сәйкес, 1991 жылы тәуелсіздігін жариялаған Қазақстан Республикасы Кеңес Одағының ыдырауы нәтижесінде демографиялық дағдарысқа тап болды. Халық саны қысқа мерзім ішінде 16 миллион 793 мыңнан 14 миллион 867 мыңға дейін азайды.

Халықтың жалпы санынан тек 40 пайызы қазақтар болған. Орыс, неміс, украин және тағы да басқа халықтар өздерінің тарихи отанына көшуге бастады.

Үлкен демографиялық дағдарысқа тап болған Қазақстан Үкіметі 40-тан астам елден 5 миллионға жуық казактарды (1920-1930 жылдары Кеңес Одағы кезіндегі саяси қысыммен ашаршылықтан қашқан азаматтар) елге қайтаруға бағытталған демографиялық саясатын әзірледі.

"Нұрлы көш" бағдарламасы

Өткен жылы Қазақстанға 10 мыңнан астам қазақ көшіп келді. Совет Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін демографиялық проблемаларға тап болған Қазақстан Үкіметі "Нұрлы көш" бағдарламасының көмегімен өзінің тарихи отанына оралғысы келетін казактарды қолдап келеді.

Бағдарлама аясында елге көшіп келген этникалық казактарға берілетін жыл сайынғы квоталар саны 10 мыңнан 20 мыңға дейін көтерілді және мемлекеттің көмегімен жұмыспен қамту, университетке түсу құқығын алу, медициналық қызметтер мен әлеуметтік төлемдерді пайдалану сияқты көптеген басымдықтар қарастырылды.

2020 жылы қабылданған жаңа заңға сәйкес, елге көшіп келген этникалық қазақтарға  тұруға ықтиярхатпен бірге елдің азаматтығын алуға да өтініш беру мүмкіндігі берілді.


Халықаралық экономика және саясат институтының сарапшысы Айман Юсупова АА тілшісіне Қазақстан Үкіметі аталған ынталандыру бағдарламаларының арқасында демографиялық дағдарыстың алдын алып, 2000-шы жылдардан бастап өз жемісін бере бастағанын хабарлады.

"1991 жылдан бастап елге 1 миллион 71 мың казак көшіп келді, ал туу көрсеткіші 1,7 - ден 4,7- ге дейін өсті", - деді Юсупова.

Шоқан Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының маманы Айжамал Құдайбергенованың айтуынша, қазіргі уақытта Қазақстан халқының жалпы саны 18 миллион 900 мыңды құрайды, оның 6 пайызы (3 миллион) - елге оралған этникалық қазақтар.

"Неліктен Орта Азия республикалары арасында Қазақстанда ең үлкен демографиялық дағдарыс байқалды" деген сұраққа Құдайбергенова: "Елдегі демографиялық проблемалардың негізі Кеңес Одағының жүргізген саясатпен тікелей байланысты." - деп жауап берді.

XIX-ші және XX-ші ғасырларда "ең үлкен ашаршылық 1929-1933 жылдары Сталиннің "коллективизация" саясатының кесірінен болды. Бұл аштықта казактардың 50 пайызы қайтыс болды."- деді Айжамал Құдайбергенова.

Құдайбергенова елдегі ашаршылық салдарынан 5 миллионға жуық казак қаза тапқанын атап өтті.

"Егер бұл (аштық) болмаса, қазіргі уақытта Қазақстан халқы 25-30 миллион адам болар еді."- деді.

Anahtar Kelimeler: Қазақстан Республикасы, демографиялық дағдарыс, "Нұрлы көш" бағдарламасы, Қазақстан Үкіметі, Айман Юсупова, Айжамал Құдайбергенова,

Жаңалықтар