Қазақстанның ежелгі кенті: Сауран қалашығы

Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласынан солтүстік-батысқа қарай 30-40 шақырым жерде орналасқан Сауран қалашығының хронологиялық мерзімі: 7.- 18 ғ.

01 Ağustos 2021 11:01

XIV ғасырдың аяғында қаланы Әмір Темір әскери қамалға айналдырған. Мұндағы үлкен мешіт Қазақстанға ислам дінінің тарауына ықпал еткен. Сауран үшін өзбектер мен қазақ хандары арасында қаншама қанды шайқастар өткен. Қазақ хандығының құрамына шаһар толығымен ХVІ ғасырдың соңында өтіп, оның басты қалаларының біріне айналды. Дегенмен Сауран бұған дейін де белгілі бір уақыт аралығында қазақтардың билеуіне өтіп тұрды. Мысалы, қазақтың алғашқы хандарының бірі, Жәнібектің ұлы Жиренше хан ХV ғасырдың 80 жылдарында шаһарда бірнеше жыл билік құрған.Шаһар Қазақ хандығының құрамына толықтай өткеннен кейін ерекше көркейіп, ірі рухани орталыққа айналады. Сауран XVII ғасырдың аяғы мен XVIII ғасырдың басында әлсіреп, XIX ғасырдың басында біржолата күйреген.

Ортағасырлық Сауран қаласының Дала мәдениеті мен Орталық Азия қалаларының мәдениеті түйіскен жерде орналасқан «сауда-саттық айлағы», әрі Жібек Жолы бойындағы маңызды торап ретінде Қазақстан тарихында алар орны ерекше.

Қазақстанның жалпыұлттық қасиетті нысандары. –Астана: Фолиант,  2017. –148-149 бб.

Қасиетті Қазақстан. 

Жаңалықтар