Қазақстанның халық жазушысы, Еңбек Ері Әбдіжәміл Нұрпейісов дүниеден озды

Әйгілі "Қан мен тер" және басқа да көптеген туындыларын авторы, қазақтың абызы 98 жасында көзін жұмды.

05 Şubat 2022 20:34

Әбдіжәміл Кәмілұлы 1924 жылы 22 қазанда Қызылорда облысы Арал ауданының Үшкөң деген жерде дүниеге келген.

Қазақстанның халық жазушысы, XX ғасырда қазақ әдебиетіне зор үлес қосқан жазушылардың бірі, қоғам қайраткері. 

1941-1945 жылдардағы Ұлы соғыс ардагері, Оңтүстік және Прибалтика майданында, Луганс түбінде миномёт ротасында саяси қызметкер, кейін штабист ретінде Балтық маңында Курляндия плацдармындағы шайқастарға қатысқан.

1956 жылы М.Горький атындағы Әдебиет институтын бітірген. 1962-1964 жылдары «Жұлдыз» журналының бас редакторы болған.

Қаламгердің алғаш шығармасы - Ұлы Отан соғысы тақырыбына арналған «Курляндия» романы 1950 жылы жарық көрді.

Бұл шығармасы үшін жазушыға Жамбыл атындағы республикалық сыйлық берілді. «Курляндия» романын кейіннен өңдеп, толықтырып, 1958 жылы «Күткен күн» деген атпен қайта жариялады. «Қан мен тер» трилогиясы (1-кітап – «Ымырт», 1961; 2-кітап – «Сергелдең», 1964; 3-кітап – «Күйреу», 1970) және «Сең» (1983), «Соңғы парыз» (1999) романдары дүние жүзі халықтарының көптеген тілдеріне аударылған. Таңдамалы әдеби-сын мақалалары «Толғау» (кейіннен «Жүрегі толы жыр еді») деген атпен қазақ және орыс тілдерінде жеке кітап болып шықты (1972), 1985 жылы «Ақбидай туралы аңыз» атты очерктер жинағы жарық көрді. А.П.Чеховтың, А.М.Горькийдің, Назым Хикметтің, испан жазушысы А.Кэсоның шығармаларын қазақ тіліне аударған. КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1974).

1985 жылы Қазақ КСР Халық жазушысы құрметті атағы берілді.


 

Жаңалықтар