Қазақстанның Түркиядағы Невшехир құрметті консулы дүниеден озды

Қазақстанның Түркиядағы құрметті консулы, қазақ-түрік қарым-қатынасына елеулі үлес қосқан белгілі кәсіпкер Халил Улуер жұбайымен бірге жол апатынан қаза тапты.

28 Nisan 2021 15:38

Қазақстанның Невшехирдегі құрметті консулы Халил Улуер Невшехирде дүниеге келген.

Тарас Шевченко атындағы Киев ұлттық университетінің экономика факультетінде жоғары білім алды.

Сол университетте "кәсіпкерлік экономика" мамандығы бойынша докторлық дәрежесін бітірген.

Халил Улуердің 3 баласы бар.

Қазақстанның құрметті консулы туризм, авиация, теңіз, жазбаша және бейнелі бұқаралық ақпарат құралдары салаларында жұмыс істеді.

Улуер, сонымен қатар Түркияның Каппадокия аймағындағы туризмді дамыту бойынша маңызды жұмыстарды іске асырды. Дәстүрлі түрде еліміздің атаулы күндерінде Каппадокияда әуе шарларында мемлекеттік туымызды желбіреткен Халил Улуердің еңбегі орасан.

Түркі әлемі атынан маңызды қызмет атқарған доктор Халил УЛУЕР Қазақстан Республикасының Невшехирдегі құрметті консулы болып тағайындалған. Сонымен қатар Улуер 1 академиялық докторантураны бітірген, 3 "құрметті доктор" және 1 "құрметті профессор" атағына ие болған.

Улуер, Ресей Ғылыми кеңесіне мүшелікке сайланған жалғыз түрік ғалымы болды. 2009 жылдан бері Қазақстанның Невшехир қаласындағы құрметті консулы қызметін атқарып жүрген Улуердің атсалысуымен Түркияда бірқатар даңғыл мен саябаққа Қазақстан мен қазақ тұлғаларының есімі берілді. 

Жаңалықтар