Қазақ теңгесі: ескерткіш темір және қағаз ақша туралы

Қазақстанның Ұлттық Банкі тарапынан жыл сайын ескерткіш темір және қағаз ақша шығарылуда, олардың үстінде Шыңғыс хан, Абылай хан, Әбілқайыр хан, Томирис патшайымы, Көктүрік қағанатының басшысы Күлтегін және тағы да басқа қазақтың тарихына тиесілі қаһармандары бейнеленген.

18 Nisan 2021 01:20

1993 жылдың 12 қарашасында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұлттық валюта енгізу туралы жарлыққа қол қойды. Араға үш күн салып, Қазақстанның ұлттық валютасы – теңге айналымға енгізіледі. 1993 жылдың 15 қарашасында таңғы сағат 8.00-ден қазақстандықтар банктерге ағылып, ұзын-сонар кезекте тұрып, қолдарында ескі ақшаны жаңа валютаға айырбастай бастайды.

Қазақстанның Ұлттық Банкі тарапынан жыл сайын ескерткіш темір және қағаз ақша шығарылуда, олардың үстінде Шыңғыс хан, Абылай хан, Әбілқайыр хан, Томирис патшайымы, Көктүрік қағанатының басшысы Күлтегін  және тағы да басқа қазақтың тарихына тиесілі қаһармандары бейнеленген.

Шыңғыс хан бейнеленген 100 теңгелік монета 2008 жылы, 13 мың дана тиражбен шыққан. Ал Томирис патшайымы бейнеленген 100 теңгелік күміс монетасы 2011 жылы сатылымға шығарылды.

Темір империясының негізін қалаушы Әмір Темір бейнеленген ақша 2015 жылы, ал бір жағында Күлтегіннің суреті, екінші жағында ҚР Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген ескерткіш ақшасы 2016 жылы шығарылды.

Абылай хан бейнеленген  500 және 100 теңгелік темір ақша 14 мың дана тиражбен 2017 жылы сатылымға түсті.

Алтын және күмістен жасалған "Әбілқайыр хан" деп аталатын 500 теңгелік темір ақша 2016 жылы айналымға шығарылды.

Қазақ ақыны Абайдың құрметіне аталған номиналы 500 және 50 теңгелік монеталар 2015 жылы шығарылды, ал белгілі қазақ тарихшысы Шоқан Уәлихановтың құрметіне жасалған ескерткіш ақша 2014 жылы басылды.

Исламның алтын ғасыры деп аталатын дәуірде өмір сүрген белгілі философ және ғалым әль-Фарабидің суреті 2011 жылы басылған "Фараби" ескерткіш монетасында орналасқан.

Ескерткіш монеталардың жасалу процесінде көбінесе алтын жалатылған жабын технологиясы пайдаланылған. 

Қазақ ұлттық валютасының ескерткіш қағаз және темір ақшалары сыйлық және коллекциялық мақсатында қолданылады.

 

 

Anahtar Kelimeler: Қазақстан, Теңге, Ұлттық валюта,

Жаңалықтар