Қазақтың батыры-Жалаңтөс Баһадүрдің салған "Шердор" және "Тиллакори" медреселері

Самарқан қаласындағы Регистан алаңы, Өзбекстанның тарихи інжу-маржаны.

09 Mayıs 2021 01:26

Регистан сөзінің мағынасы "құмды жер" демек, бұл тарихи жер әр түрлі кезеңдерде билеушілердің жарлықтары оқылып, фестивальдер мен іс-шаралар өткізілетін орын ретінде қолданылған. Алаңда Ұлықбек медресесі, Шердор медресесі және Тиллакари медресесі сияқты өз заманының ең ықпалды ғимараттары орналасқан. Медресенің қабырғалары және есіктері Құран аяттары мен сүрелерімен безендірілген. Регистан алаңында түркі-ислам мәдениетінің көптеген үлгілері жинақталған. Бұл тарихи жер 2001 жылы ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік Мұра Тізіміне енгізілді.

"Ұлықбек" медресесі

Ұлықбек медресесі 1417-1420 жылдары Темриялықтардың бірі болған Сұлтан және ғалым Ұлықбек тарапынан салдырылған. Ұлықбек медресесі XV ғасырдың ең көрнекті оқу орындарының бірі болып саналған, медреседе астрономия және математика бойынша білім берілген. Бұл медреседе белгілі ғалым және философ Нуреддин Абдуррахман Джами білім алған.

"Шердор" медресесі

1619-1635 жылдары салынған Шердор медресесі "Арыстан" деген сөзді білдіреді. Мдересе Жалантөс Баһадүрдің бұйрығымен салынған.

"Тиллакори" медресесі

Аталған екі медресенің ортасында орналасқан Тиллакори медресесі де Жалаңтөс Баһадүр тарапынан салдырылған. Тарихи деректерге сәйкес бұл тарихи ғимарат 1646-1660 жылдары арасында құрылған. "Тиллакори" сөзі "алтынмен кестеленген" дегенді білдіреді. Медресені безендіруде таза алтын қолданылғандықтан, бұл жұмыс осылай аталған екен. Тиллакори медресесі тек медресе ретінде ғана емес, орталық мешіт ретінде де қолданылған.

Қазіргі заманда Регистан алаңында фестивальдер, концерттер және түрлі іс-шаралар өткізіледі. Атап айтқанда, туристердің назарын Регистан алаңында жиі өтетін жарық шоулары қызықтырады.

Жаңалықтар