Қазақтың ежелгі шаһары - Отырар

Қазақстанның ежелгі кенті - Отырар, тарихи ескерткіштерге және ғимараттарға бай қала. Жыл сайын мыңдаған жергілікті және шетелдік туристер тарихқа бай мұрагер Отырарға келеді.

29 Mayıs 2021 22:15

Отырар – аты аңызға айналған ортағасырлық қала орны, ұлылар дүниеге келген қасиетті мекен. Ол тарихта Тұрарбанд, Тұрар, Тарбанд, Фараб деп те аталып келген. Ежелгі қала Оңтүстік Қазақстан облысындағы Отырар ауданынан солтүстік-батысқа қарай 7 км жерде орналасқан. 

Бұрын "Фараб" деп аталған Отырар, философ әль-Фараби туған, Ақсақ Темір қайтыс болған қала ретінде танымал. XIII ғасырда батыс пен шығыс арасындағы маңызды сауда орталықтарының бірі болған Отырар кенті, XVIII ғасырда жунгарлардың шабуылымен жойылды.

Қабырғалармен қоршалған Отырар, бұрын үш үлкен ауданнан тұрған: қала бекінісі, Шехристан және Рабат.

Қала орталығында орналасқан Хан мешітінің құрбандық ошағы мен бағандары әлі де сақталған. Ғалымдар Отырар өңірде ислам дінінің таралуында басты рөл атқарған деген пікірде.
Отырар қаласы 1991 жылы Қазақстан тәуелсіздігін жариялағаннан кейін, мемлекеттік қорғауға қабылданған кезде ашық аспан астындағы археологиялық мұражайға айналды.
Жыл сайын мыңдаған жергілікті және шетелдік туристер тарихқа бай мұрагер Отырарға келеді.

"Отырар келген туристерді ежелгі дәуірмен таныстырады"

Отырар мемлекеттік археологиялық және қорық мұражайының маманы Нұрсейіт Әмзе, өз мәлімдемесінде Отырар бекінісі бұрын қаланың орталығы болғанын, ал Шехристанда зиялы қауым, ғалымдар мен бай отбасылар тұрғанын айтты. Сонымен қатар, Рабат бөлігінде шеберлер мен қарапайым адамдар өмір сүрген, деп толықтырды.

Әмзе мырза, Отырардың уақытында маңызды бағыттарының қиылысында орналасқанын атап өтті: "Қаланың сауда қатынастары жоғары дәрежеде болған, бұл аймақтағы археологиялық қазба жұмыстары аясында Иран табақтары, Үнді алқалары, Қытай фарфоры және басқа заттар табылды."- деді ол.

Әмзе, сондай-ақ, қалада алтын мен күмістен жасалған тиін соғылған, деп хабарлады.
Қаланың ашық аспан астындағы мұражай ретінде қайта ашылуымен елдің көрікті жерлерінің біріне айналғанын айтқан Әмзе, қаланың сәулеті мыңдаған жергілікті және шетелдік келушілерді ескі дәуірге саяхатқа апарады, деді.

Жаңалықтар