Қазақтың зергерлік өнері

Қазақтың халықтық зергерлік өнері ұлттық мәдениет тарихынан ерекше орын алады­.

27 Haziran 2021 00:32

Зергерлік өнердің жасалу­ ерекшелігіне тән кәсіптік мінездемесі бар.

Қазақ зергерлері көбінесе жеке-дара  жұмыс  істеп,  жасалу­ жолын,  қыр-сырын­  ұрпақтан-ұрпаққа жет­кізіп отырған. Зергерлер зат­тарға өте үлкен әсемдік беру үшін көбінесе алтынды, күміс­ті пайдал­анған.

Зергерлердің аса көп жасайтыны — әйелдердің әшекей бұйымдары. Қазақ әйелдері кеуделеріне алқа, құлақтарына сырға, шаштарына шолпы, білектеріне білезік, саусақтарына жүзік таққан.

Бір-біріне үзбелеп бекітілген үлкенді-кішілі өрнекті алқалардан құралатын салмақты да салтанатты өңіржиектер аса көз тартарлық әсем болады. Қатар-қатар тізбектелген тастар қондырылып жасалған тамақ алқа асыл матамен әдіптеледі Ал інжу-маржан қадалған тамақшалар — қыздар жиі тағатын бұйымдар.

Кеудеге тағылатын әшекейлер қатарына түрлі-түсті, сәнді түйреуіштерді, асыл тасты тұмарларды, небір қымбат тастармен безендірілген таналар мен күмістен соғылған түймелерді, ілгешектерді жатқызуға болады.

Әйелдердің әшекейлері, киім-кешекке таға­тын түрлі сәндік бұйымдар, ас-су жабдықтары, жиһаздар, ыдыс-аяқтар, теріден, ағаштан жасалған ыдыстар, музыкалық аспаптар, қару-жарақ­тар, ат-тұрман  әбзелдері секілді  дүниелердің  барлығын қолөнершілер  жасап  отыр­ған.

Жаңалықтар

TRT Avaz web sitesi çerez kullanmaktadır. Sitede gezinmeye devam ederek, çerez kullanımımızı kabul etmiş olursunuz.
Daha fazla bilgi için "Çerez Politikası" metnini okuyabilirsiniz.