Қазақ-Өзбек стратегиялық серіктестігі тереңдетіледі

Қазақстан және Өзбекстан Сыртқы Істер Министрлері екі ел арасындағы стратегиялық серіктестігін тереңдету мәселелерін талқылады.

18 Şubat 2021 16:07

Қазақстан Республикасы  Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Нұр-Сұлтан қаласына жұмыс сапармен келген Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камиловпен келіссөздер өткізді деп мәлімдейді Қазақстанның Сыртқы Істер Министрлігі.
Кездесу барысында тараптар екіжақты қарым-қатынастар мен халықаралық күн тәртібін, сондай-ақ қазақ-өзбек стратегиялық серіктестігін тереңдету мәселелерін талқылады. Тілеуберді мен Камилов кездесу барысында қарым-қатынастарды жоғары өзара деңгейде кеңейтудің маңыздылығын атап өтті.

Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі хабарлағандай, президент Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанның Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камиловты қабылдады.

Достық және тату көршілік қатынастарға негізделген қазақ-өзбек стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайту, сондай-ақ елдер арасындағы қазіргі ахуал кездесулердің күн тәртібінде болды.

Жаңалықтар