Бүгін қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы еске алынуда

Қазақстанда 10-шы тамыз "Абай күні" ретінде атап өтіледі.

10 Ağustos 2021 18:31

Қазақстанның төрінде бұл күнге орай арнайы іс-шара өткізілді.

Нұр-Сұлтан қаласындағы Абай монументінің алдында, ақынның 176 жылдығына орай салтанатты рәсім іске асырылды.

Аталған рәсімге Қазақстанның Мемлекеттік хатшысы Крымбек Кушербаев, Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов, сонымен қатар министрлер, депутаттар мен зиялы қауым қатысты.

Рәсім аясында еліміздің әр аймағынан, студенттер тарапынан жіберілген Абайдың 200-ге жуық портретінен ақынның үлкен картинасы жасалды.

Айта кетейік, өткен жылы "Абай күні" тек ел ішінде ғана емес, бүкіл әлемде атап өтілді, ал Абайдың шығармалары көптеген тілге аударылды.


 

Жаңалықтар