7-8

БҰҰ-ның Ресейге қарсы халықаралық соты 7-8 наурызда өтеді

БҰҰ Халықаралық соты 7-8 наурызда Украинаның Ресейді "геноцид" тұжырымдамасын бұрмалағаны үшін жауапқа тарту туралы шағымын қарайды.

02 Mart 2022 12:05

Украина БҰҰ-ның Ресейге қарсы халықаралық сотына жүгінді.

Елдің президенті В. Зеленский: "Біз агрессияны негіздеу мақсатында "геноцид" ұғымын бұрмалағаны үшін Ресейді жауапқа тартуды талап етеміз. Соттан Ресейге әскери әрекеттерді дереу тоқтатып, келесі аптада сот ісін бастауға бұйрық беруді сұраймыз".

Халықаралық сот Ресейге ескерту жасап, жариялануы мүмкін бұйрықтардың әсерін жоққа шығаратын әрекеттерден аулақ болуға шақырды. 

Ресей президенті В. Путин Украинаның шығысындағы сепаратистерді "Донецк Халық Республикасы" және "Луганск Халық Республикасы" ретінде таныды.

Содан кейін Ресейдің президенті Донбаста "арнайы әскери операцияны ұйымдастыру" негізінде Украинаға шабуыл жасап, оған басып кірді.

Владимир Путин Ресейдің мақсаты "Киев тарапынан геноцидке ұшыраған халықты қорғау, Украинаны нацизм мен милитаризмнен тазарту" деп мәлімдеді.

Жаңалықтар