"Бұрана мұнарасы" - Қырғызстанның мәдени мұрасы

Қырғызстанның Ұлы Жібек жолы бағытында орналасуы оның мәдени құрылымына оң әсер етті. Елде ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мәдени мұралар тізіміне енгізілген көптеген тарихи-мәдени нысандар бар.

29 Mayıs 2022 15:01

Олардың ішіндегі ең маңыздыларының бірі - Бішкек қаласының жанындағы Баласағұн қаласы.

Баласағұн - "Кутадгу Билиг" авторы Юсуф Хас Хаджиптің туған жері. Қала кезінде түркітілдес Қарахан мемлекетінің астанасы болған.

Бүгінгі күнге дейін сақталған Бұрана мұнарасы жергілікті және шетелдік туристердің жиі баратын орны болып табылады. Өткен жылы мұнара ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік Мұра Тізіміне енгізілді.

Бұрана мұнарасы — Қырғызстанның Жасыл Шу алқабында орналасқан. Бұрана мұнарасы қырғыз археологиялық және сәулет мұражайының бөлігі болып табылады. 1976 жылы Бұрана мұнарасы мемлекеттік қорықтар тізіміне еніп, қорғауға алынды.

1976 жылы жөндеу жұмыстарынан кейін аталған мұнараның аумағында Республикалық археологиялық-архитектуралық мұражай ашылды.

Тарихшылар мұнараның салыну уақытын Х-ХІ ғғ. деп көрсетеді. Мұнараның бастапқы биіктігі 45 м шамасында болған көрінеді. Кейін болған жер сілкінісінен мұнара биіктігі бүгінгі қалпында сақталған. 

Жаңалықтар