Бішкекте Еуразиялық экономикалық форум өтеді

Қырғызстанның астанасы Бішкекте Еуразиялық экономикалық форум өткізілмек.

26 Mayıs 2022 16:51

Еуразиялық экономикалық форум Бішкекте 26-27 мамырда Еуразиялық экономикалық одағы отырысының алдында өтеді.

Форум аясында ЕАЭО мемлекет басшыларының қатысуымен пленарлық отырыс, сондай-ақ 6 панельдік сессия және ЕАЭО агроөнеркәсіптік тауарлар көрмесі жоспарлануда.

Форумның басты тақырыптары:

"Жаһандық өзгерістер дәуіріндегі еуразиялық интеграцияның стратегиялық даму перспективалары";

"Қаржы нарықтары мен даму институттары";

"Өнеркәсіптік-агроөнеркәсіптік кешен және экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету";

"Экономикалық даму мен интеграцияға жәрдемдесу мақсатындағы энергетикалық және көлік инфрақұрылымы";

"Цифрландыру";

"Ынтымақтастықтың жаңа бағыттары: әлемдік өзгерістер дәуіріндегі Еуразиялық экономикалық интеграция";

"Инвестициялық белсенділіктің жаңа мүмкіндіктері";

"Өзгерістер мен жаһандық сілкіністер дәуірінде еуразиялық интеграция"

Жаңалықтар