Бішкекте "Түркі әлемі: кеше, бүгін, ертең" атты симпозиум өтті

Түркияның Президенттік байланыс басқармасының басшысы Фахреттин Алтун бейне мәлімдеме жасады

17 Mart 2021 20:02

Симпозиумды "Манас" қырғыз-түрік университеті және түркітілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясы бірлесіп ұйымдастырды.

Түркияның президенттік байланыс басқармасының басшысы Фахреттин Алтун бұл іс-шара түркі мемлекеттері арасындағы байланысты нығайтатынына сенім білдіріп, түркі халқына деген құрметін мақтан тұтатынын атап өтті.

"Біз тарихымыздағы абырой мен даңққа толы ең маңызды бетбұрыстардың 100 жылдығын атап өтеміз. Осыған орай, тәуелсіздік үшін күрескен ата-бабаларымызды, батырларымызды, ардагерлерімізді ризашылықпен еске аламыз." - деді Алтун.

Алтун түркі халықтарының тәуелсіздік үшін күресі мыңдаған жылдар бойы жалғасып келе жатқанын атап өтті.

"Біз ортақ күресімізде бір-бірімізге қолдау көрсетуіміз керек, бірлік болып, қуаныш пен қайғымен бөлісуіміз керек, сонда ғана біз күшейе түсеміз" - делінген бейне хабарламада.

Алтун Түркиядағы 15-ші шілде төңкеріс әрекеті, Ливиядағы оқиғалар, Әзірбайжанның армян басқыншыларын жеңуі секілді тақырыптарды қозғады.

"Біз болашақ ұрпақтың игілігі үшін толығымен тәуелсіз, күшті және біртұтас түркі әлеміне айналуға тиіспіз" - деп түйіндеді Алтун.

Anahtar Kelimeler: Фахреттин Алтун, Симпозиум,

Жаңалықтар