Бішкекте "Түркі әлемінің өткені, бүгіні және болашағы" атты симпозиум өтті

Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында "Манас" қырғыз-түрік университеті мен түркітілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясының ұйымдастыруымен "Түркі әлемінің өткені, бүгіні және болашағы" атты симпозиум өтті.

18 Mart 2021 15:42

Іс-шара Түркияның Ұлы Ұлттық Мәжілісінің құрылғанына 100 жыл толуына, Түркітілдес мемлекеттер Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Түркияның "мемлекеттік әнұран жылына" орай ұйымдастырылды. Симпозиумға Халықаралық Түрік академиясының президенті Дархан Қуандықұлы Қыдырәлі мен түркі мәдениеті және мұрасы қорының президенті Гунай Эфендиева онлайн форматта қатысты.

Түркия Республикасы Президенті Аппаратының байланыс бөлімінің басшысы Фахреттин Алтун және Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Мұстафа Шентоп симпозиум қатысушыларына бейне хабарлама жіберді.

Іс-шара барысында түркітілдес елдер арасындағы мәдени-гуманитарлық және басқа да салалардағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту, халықаралық ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты кеңейту және күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасылды. Түркі тілдес халықтардың бірлігі мен ынтымақтастығы талқыланып, түркі әлеміне қауіп төндіретін құбылыстарға ерекше назар аударылды. Әзірбайжанның Қарабақтағы жеңісі де назар аударылды.

Кырғыз-Түрік Манас университетінің (ҚТМУ) ректоры Алпаслан Жейлан симпозиумның ашылуында сөз сөйлеп, КТМУ-не биыл 25 жыл толатынын атап өтті. Ал проректор Асылбек Құлмырзаев" Манас " университетінде 700-ге жуық маман жұмыс істейтінін, қазіргі уақытта 6 мыңға жуық студент білім алып жатқанын атап өтті. Проректор "Манас" университетінің 9 мыңнан астам түлегі түркі әлеміне қызмет ететіндерін мақтанышпен хабарлады.

Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясысының (ТүркПА) Бас хатшысы Алтынбек Мамайусупов, ТүркПА қызметінің түркітілдес елдер арасындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталғанын атап өтті.

ТүркПА-ның Түрік делегациясының мүшесі, Депутат Исмет Учма түркі әлемінің бірлігі мен ынтымағын атап өтті.

Қырғызстан Парламенті Төрағасының Орынбасары Аида Қасымалиева Түркияның Ұлы Ұлттық Мәжілісінің 100 жылдығымен құттықтап, Мәжіліс төрағасы Шентопқа Қырғызстан халық өкілдерінің атынан құттықтау жолдады.
 

Anahtar Kelimeler: Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы, "Манас" университеті, Қырғызстан, ҚТМУ, ТүркПА, Түркияның Ұлы Ұлттық Мәжілісі,

Жаңалықтар