Бішкекте "Түркі әлемінің өткені, бүгіні және болашағы" атты симпозиумның қорытындысы жасалды

Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында "Манас" қырғыз-түрік университеті мен түркітілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясының ұйымдастыруымен "Түркі әлемінің өткені, бүгіні және болашағы" атты симпозиум өтті.

19 Mart 2021 15:36

Іс-шара Түркияның Ұлы Ұлттық Мәжілісінің құрылғанына 100 жыл толуына, Түркітілдес мемлекеттер Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Түркияның "мемлекеттік әнұран жылына" орай ұйымдастырылды.

Отырыста сөз сөйлеген депутат Қаныбек Иманалиев, түркі әлеміндегі Енисейдің жазба ескерткіштерінің маңызы туралы баяндама жасады.

Түрік депутаты Мұстафа Жанбей, Чанаккале Жеңісінің 106 жылдығына орай соғыс кезеңінде жазылған екі сарбаздың хатын оқыды. Депутат, Чанаккале соғысының Отанды қорғауға бағытталған ұлы соғыс екенін атап өтті.  

Жанбей мырза соңғы 30 жыл ішінде түркітілдес елдер арасындағы байланыстардың жақсы дамып келе жатқанына қуанышты екенін атап өтті.

Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясысының (ТүркПА) Түрік делегациясының мүшесі, Депутат Исмет Учма түркі әлемінің бірлігі мен ынтымағына арналған сөз сөйледі.

ТүркПА Бас хатшысы Алтынбек Мамайусупов міндетті түрде түркі әлемінің тарихын, мәдениетін, өркениеті мен мұрасын қорғау және осы құндылықтарды болашақ ұрпаққа жеткізу керек екенін ескертті.

Кырғыз-Түрік Манас университетінің (ҚТМУ) ректоры Алпаслан Жейлан симпозиумда оқылған баяндамалар кейін кітап түрінде шығарылатынын хабарлады.

Іс-шара соңында қатысушыларға ТүркПА атынан сертификаттар мен сыйлықтар табыс етілді.

Anahtar Kelimeler: "Манас" қырғыз-түрік университеті, Түркияның Ұлы Ұлттық Мәжілісі, ТүркПА, Кырғыз-Түрік Манас университеті, (ҚТМУ),

Жаңалықтар