“Бұйратау” мемлекеттік ұлттық табиғи паркі

Қазақстандағы Бұйратау ұлттық паркі келушілердің назарын жыртқыш құстар мен жабайы жануарлардың көптеген түрлерімен, сондай-ақ ғасырлар бойы даланың желімен қалыптасқан қабаттар мен жартастармен аударады.

07 Mayıs 2021 16:40

Бұйратау ұлттық паркі Қазақстан астанасы Нұр-Сұлтаннан 135 шақырым алыстығында орналасқан.

Мемлекет тарапынан 2011 жылдан бастап ерекше қорғалатын аймақ мәртебесімен құрылған саябақ шамамен 89 мың гектар аумақты құрайды.

Саябақ жергілікті және шетелдік туристерді ғасырлар бойы даланың қатаң желімен қалыптасқан жартастармен қызықтырады.

Паркте бір-бірінен қызықты нысандары бар 16 жартасты төбелер "Сұңқар төбесі" деп те аталады.

Ежелгі дәуірден бастап бүркіттер және сұңқарлар секілді жыртқыш құстар бұл аймақтағы жартастарға ұя салғаны белгілі.

Танымал "Жау Төбесі" жартасы суретке түскісі келетіндерге арналған орын ретінде ерекшеленеді. Биіктігі шамамен 450 метрлік жартас альпинистердің өрмелеу аймағы болып саналады.

Саябақтың шекарасындағы ашық аспан астындағы мұражайда ежелгі қола және сақ дәуірлерінің зираттары, сондай-ақ "балбал-тас" мүсіндері бар. 

Парктің 400 гектарлық жерінде арқар, қызыл бұғы, қасқыр, түлкі, суыр сияқты жабайы жануарлар мекендейді.

Барлық жағынан қарағайлар мен қайыңдармен безендірілген саябақта 20-ы сирек кездесетің, 160 түр құс мекендейді, сонымен қатар 250 дәрілік шөптер түрі өседі. Саябақтың көлдерінде бұйра пеликандар, шортан және ән аққуларын көруге болады.

 "Қазір адамдар табиғатта көбірек уақыт өткізгісі келеді"

Күндіз-түні арнайы команда күзететін саябаққа тек ғана тіркеліп кіруге болады, туристерге арнайы кеңес беріледі, өйткені олардың жылан мен жабайы аңдармен кездескені әбден мүмкін.

Бұйратау ұлттық паркіне 6 жыл бойы экскурсия жүргізіп келе жатқан Ғалия Менсейітова, қаладан шаршаған туристердің бұл жерге жиі келгенін айтты.

Менсейітова коронавирус эпидемиясы басталғаннан кейін паркға деген қызығушылықтың одан да артқанын айтып: "Енді адамдар табиғатта көбірек уақыт өткізгісі келеді" - деп түйіндеді.

 

Жаңалықтар