Бақшысарай - Қырым хандығының елордасы

Қырымдың ежелгі қаласы - Бақшысарай, тарихы және таң қалдырар әдемілігімен өзіне назар аударады.

02 Mayıs 2021 16:56

Бақшысарай қаласы нағыз ашық аспан астындағы мұражай.

Бақшысарай - Қырым Автономиялық республикасының оңтүстік бөлігіндегі қала. Қырым хандығының астанасы болған.

Қала, Қырым тауларының жартастарының арасында, Чуруксу өзенінің жағасында орналасқан.

Бақшысарай қаласын Қырым түбегінің жүрегі деп атауға болады. Қала XVI ғасырға дейін су мен бұлақтарға, ормандарға толы жасыл аудан болған. Алтын Орданың басшылары мен Қырым хандары бұл аймаққа жазда демалып, аң аулау үшін келген.

I. Менгли-Гирай хан қазір Хан сарай деп аталатын Чуруксу өзенінің жағасында сарай салып, Бақшысарайды 1503 жылы құрды.

Тарихи Хан сарайының сәулетшісі итальяндық Алевизо Нови болған, сондықтан да сарайдың сәулетінде ренессанс стилі де бар. Бақшысарайда Хан сарайы салынғаннан кейін көп ұзамай басқа ғимараттар да салына бастады. Қала Чуруксу алқабының бойында дамып, кеңейе түсті.

Ежелгі қала Қырым хандығының административтік және мәдени орталығы болған. Қалада көптеген мешіттер мен медреселер салынды, Алтын Орда дәуірінде салынған  медресе - солардың бірі. Қалада Менгли-Гирай хан мен Хаджи-Гирай ханның кесенелері орналасқан. Қаланың тарихи зиратында Қырымның ұлттық көшбасшысы, түркі әлемінің ұлы тұлғасы Исмаил Гаспыралы да жерленген.

Өкінішке орай, Одақ кезінде қаланын көптеген тарихи ғимараттары жойылып, бұзылған. Ал, осы күнге дейін қалған тарихи ескерткіштер қорғауға алынған. Қырымдағы түрік-ислам тарихи ескерткіштері бүкіл түркі әлемінің мұрасы болып саналады. 

Жаңалықтар