Баку қаласының атақты "Қыз мұнарасы"

"Қыз мұнарасы", Баку қаласындағы сәулет өнерінің ерекше туындысы.

25 Nisan 2021 00:53

Әзірбайжанның астанасы Баку қаласындағы Ичери шехир ауданында көптеген тарихи және мәдени ғимараттар бар.

Каспий теңізінің жағасында, шамамен 22 гектарлық жерде орналасқан Ичери шехир, Әзірбайжанның інжу-маржаны болып саналады.

2000 жылы ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұра тізіміне енгізілген Ичери-шехир көптеген жергілікті және шетелдік туристердің назарын аударады.

"Қыз мұнарасы" XII ғасырда салынған, ал тарихта бұл ғимараттың сәулетшісі Месуд бин Давуд болғаны ойланылуда.

Мұнара ауадан "Q" әріпіне ұқсайды, ғимараттың ең жоғары нүктесінен бүкіл Бакуні көруге болады.

Қасбеті қара тастардың көлденең қатарларымен жабылған ғимарат, Бакудегі ең жарқын ескерткіштердің бірі болып табылады. Бұл тарихи ғимараттың құрметіне өлеңдер жазылған, тіпті опералардың тақырыбы болған мұнарада қазіргі таңда көрмелер өткізілуде.

"Қыз мұнарасының" әдемілігі мен жұмбақ көрінісі көптеген ақындарға, музыканттарға және суретшілерге шабыт береді.

Әзірбайжандықтар үшін бұл сәулет өнерінің туындысын маңызы зор, "Қыз мұнарасы" ұлттық валютада және ресми құжаттарда бейнеленеді.

 

Жаңалықтар