Бакуде Қазақстан, Түркия және Әзірбайжан Сыртқы істер және көлік министрлерінің кездесуі өтті

Қазақстан, Түркия және Әзірбайжан Сыртқы істер және көлік министрлерінің бірінші отырысында Шығыс-Батыс Каспий транзиттік дәлізінің әлеуетін дамыту мәселесі қаралды.

27 Haziran 2022 15:10

Жиналысқа Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілуберді, Түркияның Сыртқы істер министрі Мәуліт Чавушоғлу, Әзірбайжанның Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамов, Қазақстанның Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев, Түркияның Көлік және инфрақұрылым министрі Әділ Қараисмайлоғлу, Әзірбайжанның Көлік, байланыс және жоғары технологиялар министрі Рашад Нәбиев қатысты.

Үш елдің делегацияларының кездесуінен кейін Тілеуберді, Чавушоғлу және Байрамов бірлескен декларацияға қол қойды.

Тілеуберді: "Мақсатымыз - елдеріміз арасындағы қарым-қатынасты одан әрі нығайту"

Мұхтар Тілеуберді бүгін үш ел арасындағы көлік саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланғанын айтты.

Осыған байланысты олар аймақта күн сайын маңызды болып келе жатқан Транс-Каспий дәлізіне ерекше назар аударды.

Транс-Каспий дәлізін дамыту жоспарлары туралы айта келе, Тілеуберді: "Бүгінгі келіссөздерде тараптар үкіметтік деңгейде тікелей қатынастарды нығайтуды мақұлдады. Өзара сауданың тұрақты өсуін қамтамасыз етуге және үш елдің нарығында сұранысқа ие өнімдерді қоса алғанда, сауданы әртараптандыру мақсатының егжей-тегжейі талқыланды," деді.

Сонымен қатар Тілеуберді Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркияға жасаған ресми сапарының қорытындысының маңыздылығына тоқтала отырып, Мемлекет басшысының тамыз айында Әзірбайжанға жасалуға жоспарланған ресми сапары екі ел арасындағы қарым-қатынастың жаңа кезеңіне жол ашатынын атап өтті.

Жаңалықтар