Бакуде түркі әлемінің медиа-сарапшылары ортақ отырыста кездесті

Әзірбайжанда Түркітілдес Елдер Ынтымақтастығы кеңесінің (Түрік кеңесі) бұқаралық ақпарат құралдары және ақпарат саласындағы ынтымақтастық жөніндегі жұмыс тобының 8-ші отырысы өтуде.

09 Nisan 2021 14:32

Кездесуге Түркияның Сыртқы Істер Министрлігі Ақпарат Департаменті Бас Директорының Орынбасары Айча Өзлем Сарытекин, Түркияның Бакудегі Елшілігінің баспасөз жөніндегі кеңесшісі Хусейн Алтыналан, Әзірбайжандағы TRT өкілі Мұрат Аккоч және Анадолу (AA) агенттігінің Азия және Кавказ өңіріндегі редакторы Толга Өзгенч қатысты.

Отырыс шеңберінде түркітілдес елдерде болып жатқан оқиғалар туралы ақпарат беру жөніндегі бірлескен қызметті күшейту, Ақпарат және медиа саласындағы 2021-2022 жылдарға арналған іс-қимыл жоспары, Түркітілдес мемлекеттердің тарихы мен мәдениеті туралы көркем және деректі фильмдер түсіру, медиасараптаушылар үшін оқу курстары мен тәжірибе алмасу бағдарламаларын ұйымдастыру мәселелері талқыланады.

Жұмыс тобының отырысына төрағалық етуші Түркі Кеңесі Бас хатшысының орынбасары Гисмет Гезалов өз сөзінің басында Әзірбайжанның 44 күндік Отан соғысындағы жеңісімен құттықтады.

Ол Түркі кеңесі Түркітілдес мемлекеттер арасындағы медиа саласындағы қатынастардың дамуын қолдайтынын атап өтті.

Гезалов жұмыс тобының мүшелері 2021-2022 жылдарға арналған іс-қимыл жоспары бойынша өз ұсыныстарын беретінін хабарлады.

Түркия Президенттігінің Байланыс басқармасы, қоғамдық дипломатия департаментінің басшысы Омар Фарук Танрыверди де Әзірбайжанды Отан соғысындағы жеңісімен құттықтады.

Оның пікірінше, Түркі кеңесі аясында ынтымақтастықты дамыту үшін отырыстарды жүйелі өткізіп, түркі әлемін танымал ету бойынша бірлескен жобаларды іске асыру маңызды.

"Осы мақсатта деректі фильмдер түсірілуі мүмкін. TRT Avaz бірлескен жобаларды жүзеге асыруда маңызды рөл атқарады. Биыл көптеген түркітілдес елдердің тәуелсіздігінің жарияланғанына 30 жыл толады. Осыған байланысты медиа-форум өткізуді ұсынамыз", - деді Танрыверди.


 

 

 

Anahtar Kelimeler: Түркі кеңесі, медиа-форум,

Жаңалықтар