Бакудегі түрлі-түсті үйлер

Әзірбайжанның тарихи және мәдени ерекшеліктерін бейнелейтін суреттер елордалық үйлердің сыртқы безендірілуіне айналды

06 Mart 2021 23:02

Әзірбайжан президентінің қызы Лейла Алиева басқаратын IDEA Қоры өткізген науқан аясында соңғы 2 жыл ішінде елорда көшелері өз бояуларымен көз қуанта бастады.

Кәсіби суретшілер мен өнер сүйер қауым өз күштерімен жүздеген үйлерді өнер туындысына айналдырды.

Қабырғаларда бейнеленген көптеген суреттер Әзірбайжанның тарихи және мәдени ерекшеліктерін көрсетеді.

Аудан тұрғындары да өз үйлерінің осындай көркемді көрініске айналғанына өте риза. Көптеген адамдар қазір көшелерде серуендеу бірнеше есе жағымды болғанын айтады.

"Біздің дәстүрлеріміз бен тарихымыз да осы бейнелерде көрініс тапқаны өте жақсы. Мұнда жүргендердің бәрі тоқтап, суретке түседі", - деді Мехсети Хусейнова, Бакудің тұрғындарының бірі.

Anahtar Kelimeler: Баку, Әзірбайжан, Лейла Алиева,

Жаңалықтар