Белгілі ғалым Әділ Ахметовтың «Түркі әлемнің ырым-тыйымдары» атты кітабының тұсаукесері өтті

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор Әділ Ахметовтың үш кітабының презентациясы өткізілді.

19 Mayıs 2021 14:37

Халықаралық Түркі академиясы басып шығарған 600 беттен тұратын кітапта 40-қа жуық түркі халықтарының жүздеген ырым-тыйым мысалдары мен сөздіктері бар.

Нұр-Сұлтандағы Ұлттық академиялық кітапхана ғимаратында өткен салтанатқа Қазақстанның Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев, Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев, сондай-ақ депутаттар, ғалымдар мен баспасөз өкілдері қатысты.

Рәсімде сөз сөйлеген Мемлекеттік хатшысы Қ.Көшербаев, қарастырылып отырған кітаптың бүкіл түркі әлемі үшін маңыздылығын атап өтіп, түркі халықтар мәдениетінің зерттелуіне зор үлес қосқан Әділ Құрманжанұлының кітаптары көптеген жылдар бойынша қажырлы еңбегінің нәтижесінде ғылыми бағыт алғанын атап өтті.

Әділ Ахметов, «Түркі әлемнің ырым-тыйымдары» атты кітабының бірінші бөлімі тыйымдарға, ал екіншісі тыйым ұғымдарының сөздігіне арналғанын айтады.

«Бұл Якутиядан бастап Гагауызға дейінгі түркі халықтарының тыйымдарын қамтиды. Ал екінші ғылыми арнам америкалық үндістердің алтайлықтегіне арналып отыр. Осы тақырыпты зерттегеніме 30 жыл болды. Міне бүгін зерттеу нәтижелерімде 285 беттік кітаптың тұсауы кесіліп отыр. Кітап Түркияда түрік тілінде де шығып жатыр. Үшінші кітап геосаясатқа байланысты. 2018 жылы бірінші, 2019 жылы екінші басылымы шықты. Ал бүгін тұсауы кесілген кітаптың аты - «Уроки столетия». Кітап негізі орыс тілінде жарық көрді. Негізінде «Ғасырлар ғибраты» деген атаумен қазақша жазылған еді. Оны қазақ тілінен орысшаға Ғосман Төреғұлұлы аударды», - деді Әділ Ахметов.


 

Жаңалықтар