Биыл Қазақстанда коронавирус індетінің өршуіне байланысты мешіттердің аулаларында дәстүрлі ифтар шатырлары орнатыла алмағандықтан, тамақ үйлерге таратылады.

Рамазанның бірінші күні елордада Әзірет Сұлтан мешітінің асханасында тамақ дайындалып, мұқтаж отбасыларға жеткізілді.

14 Nisan 2021 15:08

Нұр-Сұлтан қаласының Бас имамы Ерболат Жүсіп, Рамазан айында күн сайын 1500 адамға ифтар таратылатынын атап өтіп: "Биыл біз Ковид-19-ға байланысты қабылданған шараларға сәйкес мешіттердің аулаларына ифтар шатырларын орната алмадық. Бірақ қайырымдылық және мейірім айында көмекке мұқтаж азаматтарымыздың әрқашан қолдаймыз." - деді.

Ерболат Жүсіп, ауызашар тамақтары ерікті жастар тарапынан үлестірілетінін айтып: "Біздің жастарымыздың осындай қолайлы істерге өз еркімен қатысуы бізге өте ұлкен бақыт береді. Бұл іс-шара 30 күн ішінде жасалынады"- деп түйіндеді Бас имам. 

Джубаныш Нұрғалиев-ерікті жастардың біреуі: "Мен әлеуметтік желілерден Рамазан айында осындай науқанға ерікті түрде қатыса алатынымызды оқыдым, әйелім екеуміз бірден қатысуға өтініш бердік. Ауызашар тамағы қаланың сыртына да жеткізілетін болады."- деп айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Рамазанға байланысты хабарламасы

Қазақстан Президенті өзінің құттықтау жолдауында, Рамазан айының бүкіл мұсылман үмбеті үшін рухани жаңару айы екенін атап өтті.

- Тарауих намаздары елдегі "қауіпті" аймақтарда оқылмайды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы басшысының мәлімдемесіне сәйкес, күн сайын Ковид-19 оқиғаларының көбеюі байқалатын қауіпті аймақтарда ("қызыл аймақ") тарауих намаздың оқылуына рұқсат берілмейтін болады.

Сондай-ақ, "сары" және "жасыл" санатта орналасқан аймақтарда тарауих намаздың оқылуына, мешіттің 30 пайыз толу және сақтық шараларды сақтау шартымен рұқсат етілді.

Қазіргі таңда вирустың таралуы бойынша Қазақстанның 8 аймағы "қызыл", 7 аймағы "сары" және 2 аймақ "жасыл" санатында орын алады.
 

Жаңалықтар