Биыл Ұлттық бірыңғай тестілеу электронды түрде өткізіледі

Қазақстанда коронавирусқа байланысты ҰБТ алғаш рет электронды түрде өтеді деп хабарланды.

07 Mayıs 2021 01:05

Қазақстанның Ұлттық тестілеу орталығының жасаған хабарламасына сәйкес, ел бойынша 120 мыңнан астам түлек ҰБТ тапсыруды жоспарлап отыр.

Коронавирусқа қарсы іске асырылған сақтық шаралары аясында алғаш рет компьютерлік форматта өткізілетін тестілеу балалардың айтуынша өте ыңғайлы.

Ұлттық Тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов, тілшілерге берге сұхбатында оқұшылардың наурыз айынан бастап электронды түрде өтетін тестке әзірлеу жұмыстары өткізілген айтты.

Сонымен қатар, Смағұлов балаларға тестілеуді екі рет тапсыруға мүмкіндік берілетінін хабарлады. ҰБТ-ны тапсыру орны мен уақытын әр түлек өзі таңдай алатын болады.

Айта кетейік, кешегі күннен бастап елімізде Ұлттық бірыңғай тестәлеу басталды. Тестілеу толығымен электронды форматта екі ай бойынша өткізіледі.

Anahtar Kelimeler: Қазақстан, Ұлттық бірыңғай тестілеу,

Жаңалықтар