Бурса қаласында Түркі әлемі мәдени орталығының Үйлестіру орталығы ашылды

"Түркі әлемінің мәдени астанасы 2022" ретінде таңдалған Түркияның Бурса қаласында үйлестіру орталығы ашылды.

30 Mart 2022 17:27

Үйлестіру орталығының ашылуына Түркі әлемі мен Бурса өкілдері қатысты. Алдымен олар Бурсадағы Осман Гази мен Орхан Гази кесенелеріні зиярат етті.

Содан кейін шеру ұйымдастырылып, Наурыз мерекесінің рәсімдері орындалды. 

Бурса қаласының әкімі Алинұр Ақташ 2022 жылы "Түркі әлемінің мәдени астанасы" деп жарияланған Бурсадағы үйлестіру орталығының ашылуында сөз сөйлеп, қонақтарды жылы шыраймен қарсы алды. Ол Бурсаның түркі әлемінің мәдени астанасы ретінде таңдалуы қала үшін үлкен мәртебе екенін атап өтті.

Рәсімге Әзербайжанның мәдениет министрі Анар Керимов, Қырғызстанның Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрі Азамат Жаманқұлов, Солтүстік Кипр Түрік Республикасының туризм, мәдениет, жастар және экология министрі Фикри Атаоғлу, Бурса облысының әкімі Якуп Жанболат, ТҮРКІСОЙ Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов, Түркия Мәдениет және мұра қорының төрағасы Гүнай Эфендиева қатысты.

Жаңалықтар