Бурса қаласында Түркі мемлекеттері ұйымы диаспораларының форумы өтуде

Түркі мемлекеттері ұйымы диаспорасының екінші форумы Шетелдегі түріктер мен туыс қауымдар басшылығы ұйымдастыруымен Түркияның Бурса қаласында өтіп келе жатқан форумда 12 елден 70 қатысушы жиналды.

29 Mart 2022 17:46

Түркі мемлекеттері ұйымы диаспорасының екінші форумы Шетелдегі түріктер мен туыс қауымдар басшылығы ұйымдастыруымен Бурсада өтіп келе жатқан форумға 12 елден 70 өкіл қатысуда.

Іс-шараға Түркия, Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан және Өзбекстан елдерінің диаспораларынан 70 өкіл қатысады, деп хабарланды.

 YTB (Шетелдегі түріктер мен туыс қауымдар басшылығы) ұйымдастырған форумда Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан және Түркіменстанның диаспора басшылары сөз сөйлейді.

Форумның бас тақырыбы "Түркі әлеміндегі диаспорадағы ынтымақтастық мүмкіндіктері"

үгінгі таңда YTB ұйымы Түркі Мемлекеттері Ұйымына (ТМҰ) мүше Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан елдеріне бағытталған білім беру, жастар, көлік, денсаулық сақтау, экономика, әділет, ғылым және мәдениет саласында 105 жобаны іске асырды.

YTB Әзербайжан жастары көмек қорының жариялаған "Біздің өркениетіміздің шамдары" кітабын қолдау үшін 9 мың дана кітапты тарату жұмыстарын ұйымдастырды. Сондай-ақ, 2021 жылғы 10 маусымда Әзербайжан диаспорасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетімен бірлесіп ұйымдастырған жиналыста екі диаспораның тап болатын проблемалары мен оларға арналған шешімдер туралы ұсыныстар талқыланды.

Түркия шәкіртақысы (Түркия стипендиялары)

Түркия стипендиялары бағдарламасы да YTB ұйымының ең ірі жобаларының бірі болып табылады.

Қазіргі уақытқа дейін Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстаннан келген 18 мың 656 шетелдік студент Түркияда бұл стипендия арқылы білім алды. Ал 1429 студент Түркияның әртүрлі университеттерінде оқуын жалғастырып келеді.

Диаспоралардың нәсілшілдік және исламофобия сияқты қиындықтары талқыланатын кездесу 28-30 наурызда өтеді.

"Диаспора 2" форумында түркі диаспораларының ынтымақтастығын құруда маңызды рөл атқаратын өкілдік және бірлескен шешімдердің кең ауқымы қаралады, деп күтілуде.

Іс-шара барысында Диаспоралар арасында тәжірибе алмасу бағдарламасы да өткізіледі.  Аталған шаралардың қатысушылары, сондай-ақ "Бурса - Түркі әлемінің мәдени астанасы 2022" мәдени шаралардың ашылуына қатысатын болады.

 

Жаңалықтар