"Бурса - Түркі әлемінің мәдени орталығы" атты гала-концерт өтті

"Түркі әлемінің мәдени астанасы 2022" болып таңдалған Бурса қаласында концерттік бағдарлама өтті.

27 Ocak 2022 16:25

ТҮРКІСОЙ халықаралық ұйымы Түркияның Бурса қаласын 2022 жылдың "Түркі әлемінің мәдени астанасы" ретінде таңдағаны белгілі.

Бүған байланысты аталған қалада "Түркі әлемінің мәдени астанасы - Бурса" іс-шаралардың шеңберінде арнайы гала-концерт өткізілді.

Меринос Османғази орталығында өткен концерттің ашылу рәсіміне Бурса қаласының әкімі Әлінұр Ақташ, ТҮРКІСОЙ ұйымының өкілдері, қонақтар мен қала тұрғындары қатысты.

Әлінұр Ақташ мәдени шараны аша отырып, Бурса қаласының терең тарихын, бай мәдениетін, материалдық емес мәдени мұрасын және тарихи байлығын атап өтті және бұл күн Бурса үшін ең маңызды күндердің бірі екенін айтты.  Сонымен қатар әкім тарихқа, болашаққа, мәдениет пен өнерге, өнеркәсіпке, бизнес әлеміне, білімге, ортақ құндылықтарға, сауда мен туризм тақырыптарына тоқталды. Түркі әлемінің бірлігі мен үйлесімділігіне ерекше назар аударған Ақташ өзі жазған "Менің Бурсам" атты өлеңін оқыды.

Гала-концертте сахнаға Қазақстан, Түркия, Тыва, Саха, Татарстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түркіменстан өнер өкілдері шықты. Әуендер шырқалып, халық билері орындалды.

Жаңалықтар