Чавушоғлу үшжақты саммиттен кейін мәлімдеме жасады

Түркияның Сыртқы істер министрі Мәуліт Чавушоғлу үшжақты саммиттен кейін жасаған мәлімдемесінде бейбітшілікке шақырды.

10 Mart 2022 15:01

Түркияның Сыртқы істер министрі Мәуліт Чавушоғлу Анталия дипломатиялық форумы аясында өткен Ресей-Украина-Түркия Сыртқы істер министрлерінің үшжақты отырысынан кейін әлеуметтік желілердегі парақшасы арқылы мәлімдеме жасады.

"Біз ресейлік және украиндық әріптестерім Лавров пен Кулебамен Анталия дипломатиялық форумы аясында үшжақты жиналыс форматында кездестік. Бұл аймақтағы бейбітшілікке қол жеткізу жолындағы қадам болады деп үміттенемін," - делінген хабарламада.

Сонымен қатар Чавушоғлу Ресей мен Украина арасындағы мәселені шешуге бағытталған дипломатиялық күш-жігерді жалғастыратынын атап өтті.

Жаңалықтар