Діни туризм: Өзбекстан

Өзбекстанда түркі-ислам өркениетінің көптеген тарихи ескерткіштері бар.

27 Ağustos 2021 00:38

Діни туризм тұрғысынан елеулі әлеуеті бар Өзбекстанның астанасы Ташкентт, сондай-ақ Самарқан мен Бұхарадағы ислам сәулет туындылары жыл сайын туристерді қызықтырады.

Өзбекстанда Имам Бухари, Имам Тирмизи, Имам Матуриди, М.Бахауддин Шах-и Накшыбенди, Убейдулла Ахрар, Абдулхалик Гүндждувани, Ариф-и Ривгери, Али Рамитани, Эмир Кулал және Махмуд Фагневидің рухани мұрасы сезіледі.

Түркі-ислам өркениетінің маңызды орталықтарының бірі болып табылатын бұл елде соңғы уақытта діни туризмді дамыту бойынша маңызды қадамдар жасалды.

Ислам өркениеті мен ғылымына елеулі үлес қосқан ұлы ғалымдар мен дінтанушылар осы аймақта өмір сүрді.

Самарқан, Бұхара, Хива сияқты тарихи қалалар бүкіл әлемдегі мұсылмандарды қызықтырады.

Имам Матуридидің қабірі және Имам Бухари кешені Самарқанның діни туризмнің маңызды орталықтары болып табылады.

Бұрын "Куббетул-Ислам" деген атпен танымал болған Бұхара - ислам әлемінің өте маңызды қаласы болып саналады.

Бұл жерде 7 көрнекті тұлға өмір сүрді: Абдулхалик Гүндждувани, Ариф-и Ривгери, Махмуд Фагневи, Али Рамитани, Мұхаммед Баба Семмаси, Эмир Кулал және Хазрат Бахауддин Накишбенд.

Сонымен қатар, Сурхандериядағы Мұхаммед Захид Бухари ва Алауддин Аттар қабірлері, Қашқадериядағы Мұхаммед Дервиш пен Мұхаммед Имганакидің қабірлері діни туризм тұрғысынан да маңызды орын алады.

Жаңалықтар