Демалысын Түркияда өткізгісі келетін ресейліктердің саны көбейді

Түркиядағы шектеу шараларының жеңілдетілуі нәтижесінде демалысын осы елде өткізгісі келетін ресейліктердің саны көбейді.

04 Mart 2021 14:52

Түркияда карантиндік шектеу шаралары жеңілдетілуге бастады. Бірнеше күн бұрын туристік аудандарда кафелер мен мейрамханалар ашылып, аптаның соңында енгізілген коменданттық сағат тоқтатылды.  

Ресейлік туроператорлар қауымдастығы Түркиядағы кейбір шектеу шараларының жойылуымен осы елге барғысы келетін ресейліктердің саны артқанын хабарлады.

Қауымдастықтың мәліметінше, көктем мен жаз кезеңінде ресейлік турист саны одан да көп өсетін болады.

Ресейлік туроператорлар қауымдастығы, коронавирус сынағынан міндетті түрде өту ережесі жойылса, Түркияға келетін туристердің саны рекордты жаңарта алады, деп хабарлады.

 

Жаңалықтар