Дутар  - Орталық Азия халықтарының шертіп, қағып ойналатын екі ішекті музыка аспабы

Дутар өзбек, түрікмен, тәжік, ұйғыр халықтарының шертіп, қағып ойналатын екі ішекті музыка аспабы.

12 Şubat 2022 18:00

Дутар екі түрлі әдіспен – тұтас ағаштан ойылып және құралып жасалған. Соңғысын өзбектер “қабырға дутар” деп атайды.

Дутардың мойны ұзын болады. Сондықтан оның дыбыстық қатары ауқымды, олар хроматикалық жүйемен орналасқан. Дутар сол қол саусақтарымен перне басып, ал оң қолмен қағып немесе саусақтармен шертіп тартылады.

 Танбур, домбыра аспаптарына қарағанда Дутардың өзіндік орындау ерекшеліктері де бар.

Дутар унисон, кварта, квинта, октава бұрауына келтіріле береді. Осы ерекшеліктерінен Дутарда параллельді кварта, квинта, секта интервалдары туады. Көне муз. аспап танбурға ұқсайтын Дутар туралы деректер тек 15 ғасырда кездесе бастайды. әл-Хусейнидің “Канон” атты трактатында шығыс музыкасына тән 12 мақам ерекшеліктері осы Дутар аспабының құрамы негізінде қарастырылған. Дутардың көне үлгісінің мойны сәл қысқалау болып, ішектері жібектен тағылған. 7 түрлі мақамы болған.

Арминий Вампери өзбек, түрікмен арасындағы қос ішекті муыкалық аспап – Дутарды тартушылардың даңқы бүкіл Түркістанға белгілі екенін жазады. Сондай-ақ, Дутар туралы деректер В.Успенский, В.Беляев, Ф.Кароматов, Т.С. Вызго, т.б. еңбектерінде кездеседі.

Жаңалықтар