ЕҚЫҰ Қазақстандағы конституциялық референдумға "бақылау" миссиясын жібереді

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) 5 маусымда Қазақстанда өтетін Конституциялық референдумға "бақылау" миссиясын жібереді.

02 Haziran 2022 17:31

ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрағасы Збигнев Рау өзінің Орталық Азия бойынша сапары аясында Қазақстанның елордасы Нұр-Сұлтанда бірнеше келіссөз өткізді.

Алдымен Рау Қазақстан Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Акан Рахметуллинмен кездесті.

Кездесу барысында қазақстандық тарап ЕҚЫҰ-мен тығыз ынтымақтастыққа дайын екенін мәлімдеді.

Сондай-ақ, Қазақстан Парламентінің төрағасы Ерлан Қошановпен кездескен Рау елімізді саяси реформаларды жүргізу кезеңінде ЕҚЫҰ тәжірибесін пайдалануға шақырды.

ЕҚЫҰ-ның қазіргі басшысын Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдады.

Тоқаев 5 маусымда өтетін конституциялық референдумға ЕҚЫҰ-ның "бақылау" миссиясын жіберу туралы шешімін жоғары бағалайтынын мәлімдеді.

Референдум елдегі саяси өзгерістердің маңызды процесінің бастауы болғанын атап өткен Тоқаев Қазақстанда демократияны дамыту жөніндегі жұмыс үзіліссіз жалғасатынын атап мәлімдеді.

Кездесу барысында Тоқаев пен Рау Қазақстан мен ЕҚЫҰ арасындағы әскери, саяси, экономикалық, экологиялық және гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимыл мәселелерін жан-жақты талқылады.

Қазақстаннан кейін Рау Өзбекстан мен Моңғолияда келіссөздер жүргізетін болады.

Жаңалықтар