ejder-yalcin

Ejder Yalçın түрік бронды машиналары әлемдік брендке айналды

Ejder Yalçın 4x4 бронды машиналары түрік армиясының ғана емес, сонымен қатар тапсырыс беруші елдердің де қажеттіліктерін қанағаттандырады

10 Mart 2021 20:43

Түркия 4х4 сегментінде бронетранспортерлер экспортын арттыруда.

Осы санаттағы сәтті экспортталатын өнімдердің қатарында Nurol Makina қорғаныс компаниясы шығарған Еjder Yalçın 4х4 брондалған машиналары да бар.

Ejder Yalçın 4x4 бронды машиналары жоғары қорғаныс қабілеті, жоғары қозғалғыштығы және пайдалы жүк көтергіштігі тек түрік армиясының ғана емес, сонымен қатар осы өнімдерге тапсырыс беруші елдердің де қажеттіліктерін қанағаттандырады.

Ejder Yalçın 4x4-де жауынгерлік миссияларда қолдануға арналған 10-нан астам түрлі конфигурациялар бар.

Бұл көліктерге Таяу Шығыс, Парсы шығанағы, Азия, Африка және Еуропа елдері тапсырыс береді. 

Ejder Yalçın бронды машиналарды 2020 жылы, ЕО және НАТО мүшесі Мажарстанның Қарулы Күштері қолдануға бастады. Осылайша, Ejder Yalçın 4x4, Түркиядан басқа, НАТО мүшесі болған алғашқы ел тарапынан қолдануда. 
үрде жойылады.

Осылайша, Ejder Yalçın 4x4 НАТО мен БҰҰ миссияларында қолданылатын жалғыз түрік көлігі болып саналады.

Ejder Yalçın 4x4 бронды машиналарына деген тапсырысын көбейгені, олардың сенімділігін дәлелдейді.

Жаңалықтар