8

Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымы "Апат тәуекелдерін азайту" бойынша 8-ші Министрлер конференциясыны онлайн форматта өткізді

ЭЫДҰ төрағалығында "Апат тәуекелдерін азайту" бойынша 8-ші Министрлер конференциясы өтті

18 Mart 2021 15:02

Конференцияға Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымының Бас хатшысы доктор Хади Сулейманпур, Қазақстан, Түркия, Ауғанстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Иран, Солтүстік Кипр Түрік Республикасы, Өзбекстан, Пәкістан, Тәжікстан және Түркіменстан елдерінің Төтенше жағдайлар министрлері және Түркия Республикасының Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу қатысты.

Сүлейман Сойлу отырыста пандемия мәселесіне ерекше назар аударды. "Әлемнің жетекші дамыған елдері пандемия кезінде не істеу керектігін білмеді. Көрінбейтін вирус бүкіл әлемге таралды және әсіресе кез-келген мәселені шеше алатынына сенетін дамыған елдерге ең үлкен әсер етті. Сондықтан әлем халықтары ақшаны емес, қауіпсіздікті, бейбітшілік пен бауырластықты бағалап, жаһандану процесінде осы мәселелерге көбірек көңіл бөлуі керек."- деді Сойлу.  

Ол жер сілкінісі немесе індеттің шекараларын танымайтынын атап өтті. Министрдің айтуынша, соңғы жылдары табиғи апаттардың салдары кеңейіп, өлім мен экономикалық шығындар көбейді.

"Табиғи апаттар өздігінен аяқталмайды, бірақ конференцияға қатысушы елдердің ынтымақтастығы, олардың тәжірибесі мен мүмкіндіктері арқылы олардың алдын алу мүмкін" - деп жалғастырды министр.

Мармара жер сілкінісі апаттардың басқаруы жаңа кезеңінің бастауы болды

1999 жылы Түркияның Мармара теңізі аймағында жер сілкінісі болды. Бұл оқиға апаттарды басқару жұмыстары жаңа кезеңнің басы болды. Сүлейман Сойлудың айтуынша, Мармарадағы жер сілкінісінен кейін апаттарды басқару әдісі үш санатқа бөлінді: апаттарға дейін, апаттар кезінде және апаттардан кейін. Бұл жұмыстар аясында Түркияның әрбір облыс бойынша жеке жоспар дайындалды, 7 облыста жоспарлар толық көлемде іске асырылды, ал қалған облыстарда жоспарлар жыл соңына дейін аяқталады деп күтілуде.

Сонымен қатар, министр мамандарды оқытуға ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті.  2020 жылы облыстық деңгейде 65 және өңірлік деңгейде 9 оқу-жаттығу өткізілді. 2021 жылы халықаралық деңгейде 1 жаттығу, өңірлік деңгейде 10 және облыстық деңгейде 66 жаттығу өткізу жоспарлануда.

Осы уақытқа дейін 2 миллион 858 мың азамат апат бойынша арнайы дайындықтан өтті

Министрдің мәліметінше, Түркияда бүгінгі таңда 2 миллион 858 мың азамат апат бойынша арнайы дайындықтан өткен. Сонымен қатар, 5060 мамандандырылған қызметкер жұмыс істейді. 2021 жылы 51 миллион азаматты оқыту жоспарлануда. Бағдарлама аясында азаматтарға табиғи апаттар кезінде қауіпсіз мінез-құлық үйретіледі.

Сүлейман Сойлу 2020 жылы Түркия аумағында көптеген жер сілкіністері тіркелгенін, сондай-ақ табиғи апаттардың әсерін азайту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті. Сонымен, 2020 жылы Элазіг және Малатия провинцияларындағы жер сілкіністерінің салдары дереу есептеліп, жер сілкінісіне төтеп бере алатын жаңа үйлердің құрылысы басталды. Жалпы 26 000 тұрғын үй салу жоспарлануда. Оның ішіндеші 8 мың үйін құрылыс жұмыстары аяқталып, азаматтарға берілді. Қалған тұрғын үйлер жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.

Измирде 5000 тұрғын үйдің іргетасы қаланды

Түркия Сирияның Идлиб қаласында да тұрғын үйлерді қалпына келтіруде. Бүгінгі күнге дейін қалада 32 мың 134 үй салынды, 8229 үй салынуда.

Министрдің айтуынша, 2019-2020 жылдары Түркиядағы жер сілкіністерінің саны 43 пайызға артты. Ол апатқа төзімді қоғам құру экономикалық дамудың маңызды элементі екенін атап өтті. Сонымен қатар табиғи ресурстардың табиғи апаттардың алдын алуға бағытталуы керек екенін ескертті.

Anahtar Kelimeler: ЭЫДҰ, Сүлейман Сойлу, Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымы, Апат тәуекелдерін азайту,

Жаңалықтар