Елімізде мұнай жеткізудің баламалы бағыттары зерттелуде

Қазақстанның Энергетика министрлігі Каспий құбыр консорциумының Новороссийск теңіз терминалын маңындағы болған қатты дауылдан кейін мұнай жөнелтудің балама бағыттарын зерттеуде.

24 Mart 2022 22:45

Министрліктің жазбаша мәлімдемесінде Қара теңіз жағалауындағы Новороссийскіде желдің жылдамдығы секундына 35 метрге жететін қатты дауылдың салдарынан осы қалада орналасқан консорциум терминалында танкерлер зақымдалғаны еске салынды.

Нәтижесінде терминал жөндеу және тазалау жұмыстары үшін уақытша жабылды. Мәлімдемеде "Қазақстанның Энергетика министрлігі баламалы бағыттар бойынша мұнай экспортын арттыру мүмкіндігін қарастыруда және сонымен бірге Каспий құбыр консорциумымен терминал жұмысын қайта бастау мерзімі туралы келіссөздер өткізуде," - делінген.

Каспий құбыры қазақстандық мұнайдың негізгі экспорттық бағыты ретінде белгілі, мұнда айдалатын мұнайдың көлемі Қазақстанның экспорттайтын мұнайдың 80 пайызға жуығы.

 

Жаңалықтар