Елімізде майнерлерге салынатын салық көлемі көтеріледі

Қазақстан биткоин өндірісі бойынша әлемде екінші орында. Үкіметтің бүгін өткен кеңейтілген отырысында елімізде майнерлерге салынатын салық көлемінің көтерілетіні туралы хабарланды.

08 Şubat 2022 17:59

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында еліміздегі цифрлық өндірісті дамыту туралы сөз сөйледі.

Тоқаев криптовалюта өндірісінің әлеуметтік-экономикалық жағдайға әсері аз екенін атап өтіп, "Жаппай жұмыс орындары құрылмайды. Сонымен бірге, қарастырылып отырған сектор бірнеше аймақтағы электр энергиясын тұтынумен бірдей энергияны тұтынады. Киловатт үшін ағымдағы тариф өте төмен." - деп айтты.

Тоқаев бұл тақырып бойынша криптовалюта өндіретіндерге салынатын салықты көтеріп, Үкіметке қажетті міндеттерді орындауды тапсырды.

"Мемлекет ретінде биткоин өндірісіне қарсы емеспіз. Алайда бұл салада жұмыс істегісі келетіндер лицензия алып, кірістерді декларациялап, салық төлеуі керек." - деді Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, еліміз өткен жылы биткоин өндіруде 18,1 пайыздық үлесімен АҚШ-тан кейін екінші орын алды.

Жаңалықтар