Ердоған Киевке ресми сапармен барды

Түркия Республикасының Президенті Р.Т. Ердоғанды Түркияның Украинадағы елшісі Яғмур Ахмет Гүлдере, оның жұбайы Седа Гүлдере, Украинаның Түркиядағы елшісі Васил Боднар және Украинаның Сыртқы істер министрлігінің қызметкерлері Борисполь әуежайында қарсы алды.

03 Şubat 2022 14:39

Ердоғаннан басқа сапарға оның жұбайы Эмине Ердоған, Түркияның Сыртқы істер министрі Мәуліт Чавушоғлу, Түркияның Ұлттық қорғаныс министрі Хулуси Акар, Түркияның Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу, Түркияның Энергетика және табиғи ресурстар министрі Фатих Дөнмез, Түркияның Өнеркәсіп және технологиялар министрі Мұстафа Варанк, Түркияның Экология және климаттың өзгеруі министрі Мұрат Курум, Түркияның Жастар және спорт министрі Мехмет Мухаррем Касапоғлу, Ақ партияның баспасөз хатшысы Өмер Челик, Президент аппаратының жанындағы қорғаныс өнеркәсібінің төрағасы Исмаил Темір, Президент аппараты басқармасының байланыс бойынша төрағасы Фахреттин Алтун және Президент Аппаратының баспасөз хатшысы Ибрагим Қалын қатысты.

Ердоған жоғары деңгейдегі стратегиялық кеңестің 10-шы отырысына қатысады

Ресми сапар аясында Ердоған Екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқандарды еске алу үшін Киевте орнатылған "Белгісіз әскердің" ескерткішіне гүл шоқтарын қояды.

Маринский сарайында өтетін ресми қабылдауынан кейін Ердоған Зеленскиймен кездеседі.

Бұдан әрі Ердоған жоғары деңгейдегі түрік-украин стратегиялық кеңесінің 10-шы отырысына қатысады деп күтілуде.

Отырыста Түркия мен Украинаның стратегиялық әріптестік деңгейіндегі ынтымақтастық мәселелері талқыланады, екі ел арасындағы ынтымақтастықты тереңдету мүмкіндіктері, сондай-ақ өңірлік және халықаралық мәселелер бойынша пікір алмасылады. 

Отырыс қорытындысы бойынша екі көшбасшының бірлескен баспасөз конференциясы іске асырылатын болады.

Нәтижесінде екі мемлекет арасындағы өзара ынтымақтастық бойынша бірқатар құжаттарға қол қойылады деп күтілуде.

Жаңалықтар