Ерекше безендірілген өзбек наны

Қонақжай өзбек халқының арасында нан пісірудің бірнеше түрі бар. Нан күнделікті өмірде, үйлену тойларында, мерекелерде, асханаларда ерекше орын алады.

15 Nisan 2022 19:00

Өзбек халқы нанға ерекше мән береді. Күнделікті өмірде дастарханында әрқашан нан ұстайтын өзбектер, балаларына кішкентай кезінен бастап нанды құрметтеу керек екенін уйретеді.

Өзбекстанда жасалынатын нан түрлері:

"Наввай";

"Патыр";

"Қаттама";

"Абы";

"Лачыра" және әр түрлі дәмдеуіштер қосылған нандар, мысалы пиязбен нан, етпен нан, күнжітпен нан тағы да басқа.

Барлық түркі халықтарда болғандай өзбектер де нанды ешқашан тастамайды және дастарханның төріне қояды.
Күнделікті қолданылатын наннан басқа Өзбекстанда салтанатты күндерге арнайы нан пісіріледі.

Әйгілі Самарқан наны

Самарқан нанының ерекше дәмін барлық өзбектер біледі, оның дайындау құпиялары әкеден ұлға беріледі және бұл нанды теқ ғана ер адамдар жасайды. Бұл дәмді нанды бір айдан астам уақыт бойы бұзбай сақтауға болады.

Сыбыс бойынша, Туған жері Әндіжаннан кеткен Бабур шах Самарқан нанын қатты сағынады, сондықтан қаладан нан шеберлерін келтіреді. Бабур шах Самарқанның ең танымал наубайшылары дайындаған Самарқан нанына риза болмайды, сол кезде: "Нанның қамырына нені қоспадыңыз" - деп сұрайды. Жауабы да осындай болады: "Сұлтаным, барлық дәм-тұзды Самарқаннан әкелдік, бірақ Самарқанның жер мен ауасын әкеле алмадық". 

Жаңалықтар