Ертедегі ертегідей қала - Хива (Өзбекстан)

Ежелгі Хива шаһары Орталық Азияның ортасында, Өзбекстанның батыс бөлігінде орналасқан.

15 Mayıs 2021 16:51

Хива қаласы Өзбекстанның батыс бөлігінде орналасқан. Хорезм аймағының інжу-маржаны ретінде белгілі. Ол бірнеше ғасыр бұрын құрылған ескі қалалардың қатарын толықтырады. Бір кездері саудагерлер, қолөнершілер мен ғалымдар қоныстанған тарихи қаладағы ескерткіштер бүгінгі күнге дейін жақсы сақталған. Сондықтанбұл қаланың ертегідей бір көрінісі бар. 

Ежелгі уақытта саудагерлер қазіргі Хива аумағында құдықтан су алған. Оның дәмі ерекше болғандықтан су ішкен адамдар: "Хей, уаһ!" деп айтады екен. Осылайша, бұл аймақ "Хейвах" деп аталады. Кейінірек атауы Хиваға ауысады.

Ежелгі қаланың ғимараттары көбінесе сұр және қызыл түстерде болады.

Атақты Орта Азиялық математик, астроном және географ, классикалық алгебраның негізін қалаушы Мұхаммед әл-Хорезми және энциклопедист-ғалым, ойшыл Әбу Райхан әл-Буруни дәл осы ауданда туып-өскен.

XVII ғасырда қала Хива хандығының астанасы болған.

Бекініспен қоршалған қалада көптеген мұражайлар бар. Хивада түркі-ислам мәдениетінің таң қаларлық әдемілігінде көптеген қақпалар, мешіт-медреселер және ұзын мұнаралар бар.

Шығыс ертегінің дәл өзі секілді қала көптеген адамдардың назарын аударады.

 

Жаңалықтар